
Жеке тұлғалардың мәліметтерін қорғау
Жеке тұлғалардың мәліметтерін басқалардан қорғап қолдану Кронес акционерлік қоғамы ("Krones") үшін аса маңызды мәселе. Осыған қарай Кронес тұлғалардың мәліметтерін басқалардан қорғап қолдану және мәліметтер қауіпсіздігі туралы ережелерге сәйкес әрекет етеді. Төмендегілерде Кронес компаниясы мәліметтердің қай түрін жинап, осыларды қалай қолданып кімге көрсете алатыны туралы оқи аласыз.
1. Жеке тұлғалардың мәліметтері
Кронес интернет торабы арқылы Кронес компаниясы жеке тұлғалар туралы, мәліметтерді (мысалы ат, мекенжай, телефон нөмірі немесе электрондық пошта) егер Сіз өзіңіз ерікті түрде өз мәліметтеріңізді беріп тіркемесеңіз (мысалы байланыс формулярын толтырып, тіркелу немесе сұрастыру арқылы) не тіркеуге рұқсатыңызды бермесеңіз немесе мәліметтеріңіз лайықты заң ережелері арқылы қорғалса, ешбір мәліметті тіркемейді.
2. Мақсаты
Өзіңіз берген өзіңіз туралы жеке мәліметтеріңізді Кронес Өзіңіздің талап мұқтаждарыңызға жауап беру үшін, тапсырмаңызды орындау үшін немесе арнайы ақпарат не ұсыныстарымызды оқи алуыңыз үшін интернет торап арқылы қатынасуыңызды мүмкін қылу мақсатымен қолданады. Клиенттерімізбен қарым қатынасу жұмысымызды нығайту үшін
- Кронес Өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді сақтап, қолданып, оларды Кронес компаниясының әлемдегі басқа ортақ олған фирмаларына беруі мүмкін, осы жолы арқылы Өзіңіздің тілектеріңізді лайықты түрде орындап немесе біз жұмысымызды одан жақсартып алуды мақсат етеміз; немесе
- Кронес (немесе Кронес тапсырмасы бойынша) осы жеке тұлға туралы мәліметтерді Өзіңізге, ісіңіздің өнімділігіңізді жақсарту үшін керек қылғаныңызда, Кронес ұсыныстары туралы хабар беру, немесе, Кронес клиенттерінің мұқтаждары мен талаптарын одан да жақсырақ орындай алу үшін, интернет арқылы сұрақтамаларды өткізу мақсатымен қолданамыз.
Кронес, Сіз өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді клиенттермен қарым қатынасу жұмысымызды жақсарту үшін (әсіресе тікелей маркетинг немесе сұраныс білу мақсатымен) Кронес компаниясына бермегіңіз келсе, Кронес осы шешіміңізді әлбетте қабылдайды. Кронес Сіздің жеке мәліметтіріңзді басқаларға сатып не ешбір ақшаға сату мақсатымен ұсынбайды, тек Кронес тобына ортақ болған фирмаларына бере алады.
3.Мақсатына байланысты қолдану
Кронес Өзіңіз интернет арқылы берген жеке мәліметтеріңізді тек қана Өзіңізге алдын ала айтып берілетін мақсатпен жинап қолданатын болады, егер олар
- басқа, бұрыннан бір белгіленген жеке мәліметтер жиналған мақсатқа жақын болған бір мақсат үшін,
- Өзіңізбен бір келісімшартты дайындап, осы келісімшартқа отыру керек болса,
- заңды түрде немесе мекеме не сот тараптарынан талап етілсе,
- заңды түрде қойылған тарапты дәлелдеу немесе айыптауға қарсы болуды көрсету үшін керек болса,
- пайдакүнемдікті болдырмау үшін немесе басқа заңсыз әрекеттерін болдырмау үшін, мысалы мәлімет қауіпсіздігі үшін Кронес жүйелеріне пайдакүнемді түрде жасалынатын аламандықтарын болдырмау үшін.
4. Телекоммуникация жүйелеріне немесе қолдануға байланысты мәліметтер
Егер Сіз телекоммуникация жүйелері арқылы Кронес компаниясының интернет торабына кірсеңіз, телекоммуникация құралдарына байланысты мәліметтер (мысалы интернет протокол адресі) немесе қолдану түріне байланысты мәліметтер (мысалы қолдану уақытынын басталуы мен мерзімі, осымен қатар Өзіңіз қолданатын интернет сервис қызмет көрсетуші провайдері туралы мәлімет) автоматикалық түрде көрсетіліп тұрады. Осылар жеке мәліметтер туралы мәліметтерін көрсетіп қалуы да мүмкін. Егер телекоммуникация құралдарына немесе қолдану түріне байланысты мәліметтерінің міндетті түрде белгілеп қолдануы міндетті түрде керек болса, осы әрекет мәліметтердің қауіпсіздігі туралы заңдарына сәйкес қолданылады.
5. Жеке тұлға туралы емес мәліметтердің автоматикалық түрде жиналуы
Егер Сіз телекоммуникация жүйелері арқылы Кронес компаниясының интернет торабына кірсеңіз, кейбір кездерде автоматикалық түрде (тіркелу арқылы емес) бір тұлғаға жатпайтын мәліметтер жиналып көрсетіліп қалуы мүмкін (мысалы интернет шолғышы мен жұмыс жүйесі туралы мәліметтер; келген қолданушының торабының егелік аты; кірген ретін санауыш; торапта қалған орташа уақыты; ашып оқылған беттер). Кронес компаниясы және дүниедегі оған ортақ фирмалар осы мәліметтерді Кронес интернет торабының тартымдылығының білу үшін және мазмұнының өнімділігін нығайту үшін қолданады.
6. Компьютеріңізде автоматикалық түрде еңгізіліп қалатын „Cookies" - файлдар мәліметтері
Кронес фирмасының интернет торабына кіргеніңізде Кронес компьютеріңізге "Cookies" - файлдар мәліметтерін еңгізіп қою мүмкін, осы торапқа келесі рет кіргеніңізде олар компьютеріңізді автоматы түрде таныйтын болады. Cookie" - файлдары арқылы Кронес өз интернет торап беттерін Сіздің мүддеңізге сәйкес лайықтап немесе Өзіңіздің құпия сөзіңізді, әрзаман жаңадан жазып еңғізбеу үшін сақтауын мүмкін етеді. Егер компьютеріңіздің Кронес арқылы танылып отыруын тілемесеңіз, интернет шолғышың Cookie" - файлдарын компьютеріңіздің қатты дискісінен өшіре алатындай, құрсаулау алатындай немесе компьютеріңізге орнату алдынан Өзіңізге ескерту хабарын беріп отыратындай орнатып қойыңыз.
7. Балалар
Кронес балалардың жеке мәліметтерін, қолданылатын заң бойынша керек болса, осындай мәліметер әке-шешелерінің келісімі бар болғанда ғана жиналуы мүмкін болатынын алдын ала айтып бермесе, өз тарапынан жинамайтын болады. Кронес арқылы балалардың жеке мәліметтерінің қолдануы немесе басқаларға берілуі, заң арқылы рұқсат етілсе, тек қана балалардың әке-шешелерінің келісімін алу үшін немесе балаларды қорғау мақсаты үшін мүмкін.
8. Қауіпсіздік
Кронес Сіздің жеке тұлға мәліметтеріңізді байқаусыздықтан немесе заңсыз түрде өшіріп, өзгертіп жіберуге, жоғалтып алуға немесе заңсыз түрде басқаларға беруге немесе рұқсатсыз ашып қолдануға қарсы қорғау үшін, Кронес техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларын еңгізіп қолданып отырады.
9. Басқа интернет тораптарына сілтемелер
Кронес компаниясының торабында басқа интернет тораптарына сілтеме беріледі. Кронес басқа тораптардың мәлімет қорғау ережелері мен мазмұндары үшін жауапты емес.
10. Сұрақтар мен анықтамалар
Интернет жүйесінің дамуына байланысты Кронес мәліметтер қорғау туралы өз тәсілдерін әрзаман өзгертіп осыларға лайықтап отырады. Кронес осы бетте өзгерістерін хабарлап тұратын болады. Жеке тұлғалардың мәліметтерін басқалардан қорғау туралы жаңалықтарды біліп отыру үшін, осы бетке жиі кіріңіз.